Алматы әкімі таулы аймақтардағы құрылыс ережелерін қатаңдатты
Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Ерменсай шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әкім таулы аймақтарда құрылыс жүргізуге рұқсат бермеу құрылыс бастауға тырысқандардың наразылығын тудырғанын жеткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермегенім үшін көп жау таптым»,
Сонымен қатар, қала әкімі заң рұқсат беретін тұстарды қолданып, құрылыс компаниялары жеке тұрғын үй жерлеріне арналған аумақта аз қабатты тұрғын үй кешендерін сала алатынын айтты. Бұл дұрыс емес екені түсіндірілді.
Алматы әкімі таулы аймақтарда құрылыс ережелерін қатаңдату және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілгенін айтты. Қазіргі уақытта жаңа ереже таулы аймақтарда, оның ішінде еңісі 15 градус және одан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады.