Алматы апортын қайта жандандыру мүмкін бе? Ғалымдар жауабы

Апорт фото на taspanews.kz от 19 сентября 2024 17:46
Фото: Sven Teschke

Алматы тұрғындары апорт жоқ деп шағымданады


  “Апорт дәмі – балалық шақтың естелігі. Мен бұл алмаларды әкеммен байланыстырамын. Бізде әр түрлі алма ағаштары өсетін саяжай болды. Олардың арасында апорт та тамырын жаятын. Бұл бал шырынды дәмі бар керемет ірі қызыл алма. Мен анамның апорт пен қызанақ қосатын салатын жақсы көрдім. Апорт жемісінің үлкен болғаны соншалық, бір алманы таңғы асқа жейтінбіз, содан кейін ойнап кететінмін.Үлкен болғаны соншалық, қолда бір килограмм алманы ұстау қиын болғаны есімде. Мен апорттан ләззат алғанға дейін күнімді толыққанды өтті деп ойламайтынмын. Бұл жазғы күннің міндетті дәстүрлі тағамы болды. Біздің саяжайда апорттан үлкеннен тек асқабақ болды – әкем оларды 200 кг-ға дейін өсіретін. Өкінішке орай, нағыз апорт енді жоқ, Мен оны еш жерден таба алмай жүрмін. Қазір сатылатын алмаларды апорт деп атай алмаймын. Бұл көңіліме тиеді",  – деді Таиссия. 

Өткен жексенбіде алматылықтар Қала күнін атап өтті. Мерекелеуге 130 тонна алма әкелінді. Жәрмеңкелерде көптеп сатылды. Кейбір алмалардың жанында “бұл апорт” деп жазылған жазбалар болды. Алайда, қаланың бұрынғы тұрғындарының көбісі бұл апорт емес екенін айтты. Taspanews.kz тілшісі ғалымдармен сұхбаттасып, аты аңызға айналған алмалар шынымен жойылып кетті ме және оларды "қайта жандандыруға" болады ма деген сұрақтарға жауап іздеді.


Үлкен болғаны соншалық, қолда бір килограмм алманы ұстау қиын болғаны есімде. Мен апорттан ләззат алғанға дейін күнімді толыққанды өтті деп ойламайтынмын. Бұл жазғы күннің міндетті  дәстүрлі тағамы болды. Біздің саяжайда  апорттан үлкеннен тек асқабақ болды – әкем оларды 200 кг-ға дейін өсіретін.


Ерекше күтімді талап ететін алма түрі


Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ "Талғар" өңірлік филиалының (помологиялық бақ) директоры Сағи Солтанбеков бүгінгі таңдағы "есептеулер бойынша апорт ағаштарының саны небәрі 416 мың дана" екенін айтты.


"Ал 1970 жылғы санақта Алматы облысында 3 миллионға жуық ағаш болған. Бұл 7 есе айырмашылық бірқатар факторларға байланысты, олардың арасында бақшаларды қолайсыз жағдайларда орналастыру, отырғызылған алмалардың ретсіз көбеюі, вирустық инфекциялар және агротехнологиялардың бұзылуы",  - деді Солтанбеков.

Ол апорт өсу кезінде ерекше жағдайды талап ететін алма түрі екенін атап өтті. Апорттың сапасы Алматы облысының төменгі және орта деңгейдегі таулы аймақтарында жоғары болады". Оның өсуі үшін "теңіз деңгейінен 900-ден 1250 метрге дейін" биіктік қажет.


"Мәселе тек қазіргі таңда бар алмаларды сақтауда ғана емес, сонымен қатар апортты қайтару бойынша ғылыми жұмыс жүргізуде. 2015 жылы помологиялық бақта аумағы 5 га болатын апорт пен M. Sieversii комбинациясы жасалған бақ салынды. Бұл тәжірибе жүргізу үшін қажет болды. Алғашқы өнім 2023 жылы жиналды, бақтағы әр жеміс салмағы 370-400 г құрады",  - деді маман.

Оның айтуынша, 2023 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ ҚР Президенті Іс басқармасының қолдауымен апортты жандандырудың ұлттық бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс бастады, бұл "осы бірегей сұрыпты қалпына келтіруде табысқа жетуге мүмкіндік береді".


"Апорт генофонды сақталды"


Профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы "Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин" кафедрасының меңгерушісі Майра Есеналиева бүгінгі таңда апорт "туристер көру үшін тарихи ескерткіш ретінде сақталуы мүмкін, алайда өндіріс пен нарықтық экономика үшін ол басқа алма сұрыптарымен бәсекеге түсе алмайды" деп атап өтті.


"Ғаламторда мезгілімен апорт жойылуға жақын сұрып екендігі туралы ақпарат пайда болады. Жоқ, ол бар. Апорт ешқашан жоғалып кетпеген, оның генофонды сақталды. Апорт – Қазақстанның, Алматының символы. Кейбірі апортты жандандыру үшін бірлестіктер құрады. Қырық жылдан астам уақыт бойы әр он жыл сайын апортты жандандыруға басымдық беріледі, алайда, оны өндіріс ауқымына шығару мүмкін емес",  – деді ол.

Сарапшы қазіргі уақытта басқа талаптар бар екенін түсіндірді, сондықтан нарықтық экономика үшін апорт "бәсекеге қабілетті сұрып емес, себебі ол ұзақ сақталмайды. Қазір әлемдік деңгейде жоғары сапалы сұрыптардың көп саны бар, апорт олардың жанында ұтылады" деді ол.


"Сондықтан оны кеңінен өсірмейді. Бірақ апорттың өзі жойылған жоқ. Неліктен оны көптеп өсірмейді? Себебі, оны баптауға кеткен қаражат өзін ақтамайды. Сонда да, сұрыпты сақтауда генофонд үшін апорт жетерлік. 1974 жылдан бастап кей кездерде апортты жандандыру бағдарламалары пайда болып тұрады" - деп атап өтті маман.

Оның деректеріне сәйкес, қазір Алматыға апорт "Қырғызстаннан және Қазақстанның таулы аймақтарынан" әкелінеді.


"Аңызға қосып отыратын апорт бақтары жоқ және оларды жасай алмайды. Бұл ақшаны шашу. Біздің тәжірибемізде біз мұнымен кездескенбіз. 1974 жылдан бастап ол төрт-бес рет қайта жанданды. Ақша бөлінеді, үлкен гектарлар бойымен өсіріледі. 500 гектарға дейін отырғызылған, бірақ оны игере алмайды және бұл еш өтелмейді", - деп түсіндірді Есеналиева.

Ол кез-келген тауар өзін-өзі ақтауы үшін бәсекеге қабілетті болуы керек деп қосты. Ал қазір "апортты бренд ретінде ұстайтын, оған тұрақты табысы жоқ бола тұра ақша салатын" совхоз жоқ.


"Қазіргі кездегі ең үлкен мәселе – бактериялық күйік. Бүкіл әлем онымен күресуде және әзірге ешкім нәтижеге қол жеткізе алмады. Мысалы, біз барлық алмұрт бақтарын жойдық. Қазір алмұрт жетіспейді. Біз оны гектарлап жұлып алдық, себебі оның бактериялық күйікке төзімділігі жоқ",  – деді маман.

Ол бұл ауруларға төзімді көптеген алма ағаштары бар деп қорытындылады, алайда апорт олардың қатарында емес.


"Қазір бактериялық күйік COVID-19 сияқты. Егер Кеңес заманында біз тұмаумен ауырып, пенициллинмен емделіп, жазылсақ, COVID-19-дан антибиотиктер де көмектеспейді. Вирус жойылмайды, мутацияға ұшырап отырады. Бактериялық күйік те сондай", – деп қорытындылады сарапшы.

"Қазір бактериялық күйік  COVID-19 сияқты. Егер Кеңес заманында біз тұмаумен ауырып, пенициллинмен емделіп, жазылсақ, COVID-19-дан антибиотиктер де көмектеспейді. Вирус жойылмайды, мутацияға ұшырап отырады. Бактериялық күйік те сондай", - деп қорытындылады сарапшы.


Следите за новостями Taspanews