Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша ауа-райы болжамы

Фото: pixabay.com

Бейсенбі, 2025 жылғы 20 ақпанда Қазақстанда құрғақ және тұрақты ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Open Weather порталының деректеріне сілтеме жасап.


Елордада аяз сақталса, еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн жылы болады. Жауын-шашын болады, алайда кейбір қалаларда жоғары ылғалдылық сақталады.


Алматы


Алматыда салқын ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендейді, күндіз +3°С-тан аспайды. Жауын-шашын болмайды, ауа ылғалдылығы күндіз 58%-дан 84%-ға дейін болады. Атмосфералық қысым 694 мм сын.бағ. Арт., жел жылдамдығы секундына -0,6-0,9 метр.


Астана


Астанада аязды ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы -12°C-қа жетеді, күндіз -6°C-қа дейін жылыса, кешке қарай қайтадан -10°C-қа дейін суытады. Жауын-шашынның ықтималдығы аз, алайда ылғалдылық жоғары болып қалады. Атмосфералық қысым 739-741 мм сын.бағ. Жел секундына 3,1 метрге дейін болады7


Шымкент


Шымкентте күн жылы болады. Түнде ауа температурасы 0°C, күндіз ауа +10°C дейін жылынады. Жауын-шашын болмайды, ауа ылғалдылығы күндіз 62%, кешке 79% дейін көтеріледі; Атмосфералық қысым 719-721 мм сын.бағ. Жел әлсіз болады, секундына 1,8 метрге дейін жетеді.