Алматы әуежайында Fly Arystan рейсі кешіккеннен жанжал орын алды

Рейс кешікті фото на taspanews.kz от 23 сентября 2024 11:36
Фото: Әлеуметтік желілер

Алматы халықаралық әуежайында Fly Arystan рейсінің жолаушылары мен авиакомпания қызметкерлері арасында жанжал бола бастады, – деп хабарлайды Taspanews.kz журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасына сілтеме жасап.


Әуе тасымалдаушысы Шымкентке апарар рейсті кешіктірген. Соның салдарынан жолаушылар автобуста 20 минуттай кондиционерсіз қалған.


Жолаушылар наразылығына жауап ретінде авиакомпания қызметкерлері оларды рейстен шығарамыз деп қорқыта бастаған.


Отандық тасымалдаушының хабарламасына сәйкес, жұмысшылар мен супервайзерлердің ескертулеріне қарамастан, жолаушылардың өздері ұшаққа кіріп, орын алудан бас тартқан. Баспасөз қызметі компания қызметкерлері тарапынан ешқандай заңсыз әрекеттер тіркелмегенін, оларға қарағанда жолаушылар аса наразылық тудырып, дөрекілік көрсеткенін айтты.


Следите за новостями Taspanews