Алматы – Дананг бағыты бойынша Вьетнамға тікелей рейс ашылады

Фото: Pexels
Көлік министрлігімен рейстер географиясын кеңейту шараларының аясында «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Дананг бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Рейстер аптасына екі рет орындалатын болады. Осылайша, Қазақстан мен Вьетнамға қатынайтын әуе рейсінің саны 32-ден 34-ке дейін артты.
Бұл бастама туризм, экономика мен іскерлік қарым-қатынастарға серпін бермек.