Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті

Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті фото на taspanews.kz от 31 июля 2024 14:37
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Экономика басқармасының хабарлауынша, жалпы өңірлік өнім 4,7%-ға  өсіп 5,3 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың бірінші тоқсанына тиесілі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 


Бұл өсім көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салаларда әсіресе байқалады. Мәліметке сай, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4%-ға жетті. Осы жылы экономикалық өсім 5,5 деңгейінде болатыны болжанды.


2023 жылғы көрсеткішке келсек, Алматының ЖӨӨ  24,8 трлн теңгені құраған. 


Следите за новостями Taspanews