Алматы экономикасы тұрақты өсімді көрсетті
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Экономика басқармасының хабарлауынша, жалпы өңірлік өнім 4,7%-ға өсіп 5,3 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың бірінші тоқсанына тиесілі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл өсім көлік, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, байланыс және сауда сияқты салаларда әсіресе байқалады. Мәліметке сай, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 0,6%-ға өсіп, 102,4%-ға жетті. Осы жылы экономикалық өсім 5,5 деңгейінде болатыны болжанды.
2023 жылғы көрсеткішке келсек, Алматының ЖӨӨ 24,8 трлн теңгені құраған.