Алматы - Германия бағытында жаңа әуе бағыты ашылады

Air Astana баспасөз қызметі фото на taspanews.kz от 19 декабря 2024 15:13
Фото: Air Astana баспасөз қызметі

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы – Франкфурт бағыты бойынша рейстерді жүзеге асыра бастайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


“Тасымалдау аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асады. Жаңа рейс Қазақстан мен Германия арасындағы байланысты айтарлықтай жеңілдетеді, жолаушыларға екі ел арасындағы ыңғайлы және тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етеді”,   – Air Astana хабарламасынан.

Қазіргі таңда Астана мен Оралдан Германияға рейстер жіберілуде, алайда Алматыдан жөнелетін жаңа бағыттың қосылуы қосымша мүмкіндіктер ашады. Бұл жаңалық Қазақстан мен Германия арасындағы сауда, инвестициялық, мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді.


Жаңа бағыт бойынша рейстерді орындау үшін «Эйр Астана» заманауи Airbus A321LR-ны таңдады.


Следите за новостями Taspanews