Алматы қаласы Алмалы ауданында 7,5 мың жұмыс орны ашылған

Фото: Pexels

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуде ауданның экономикалық өсімі байқалуда екенін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Қала әкімінің мәліметіне сай, қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 6,8%-ға өскен. Құрылыс, көтерме сауда және өңдеу өнеркәсібінің көлемі ұлғайды.


Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, кәсіпкерлер саны 22,8%-ға артты. Нәтижесінде 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жергілікті бюджетке 373 млрд теңгеге жуық салық пен төлем түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға жоғары.