Алматы қаласы әуежайында Польшаны шығынға ұшыратқан адам ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматы халықаралық әуежайында Интерпол іздеген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Польшаның құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде болған Моңғолия азаматы қылмыстық топ құрамында қужаттарды қолдан жасап, салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу үшін контрабандамен айналысқан. 


Польшаға 1,7 млн бума заңсыз темекі тасымалдаған. Кедендік алымдарды төлемегені үшін  Польшаға 50 000 АҚШ доллар шығын келтірген.


Қылмыскер қамауда.