Алматы қаласы тауларында қар көшу қаупі жоғары екені мәлімденді
Фото: Pexels
Төтенше жағдайлар департаменті 14-18 қараша аралығында Алматы облысы аумағындағы тауларға шықпауға кеңес берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ТЖД сілтеме жасап.
Алматы облысы аумағында орналасқан 55 қар көшу қаупі бар аумақтардан сақ болу қажеттігі келтірілді. Ол жерлер: Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары.
Қар көшуі температура өзгерістері мен жауын-шашын себебінен болуы мүмкін.