Алматы қаласында автобус иелері негізсіз айыппұлдардан босатылды
Фото: GOV.kz
Алматы қаласында автобус жүргізушілері мен жеке кәсіпкерлер негізсіз айыппұлдарды төлеуге мәжбүр болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
2024 жылы 17 сәуірде ІІМ бұйырығына сәйкес, елді мекендерде автобус пен шағын автобус жүргізушілерінің жүру жылдамдығы сағатына 50 км аспайтындығы бекітілді. Алайда, жолда тиісті белгілер орнатылмаған. Салдарынан, жүргізушілер жылдамдықты асырды деп айыпталған.
“Сергек” АБК бейнебақылау камералы 50 км/сағ жылдамдықты тіркеуге бапталғандықтан, 5000 мыңнан көп айыппұл жайлы нұсқамалар келіп түскен. Прокуратура актісімен негізсіз айыппұл төлеу нұсқамалары жарамсыз болды. 3102 кәсіпкерлер және 1995 азамат құқығын қорғау жүзеге асырылды. Автобус иелері айыппұлдан босатылды.