Алматы қаласында бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы белгіленді

Фото: Pexels

Алматы қаласында бірінші санаттағы жұмыртқаны тұтынушыға сату бағасы белгіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


«Алматы» ӘКК» АҚ «Сары-Бұлақ» құс фабрикасымен келісімшарт нәтижесінде бірінші жұмыртқа құнын тұрақты етті. Енді бірінші санаттағы бір дана жұмыртқа сомасы – 58 теңгеден аспау керек.


Өндіруші бағасы – 51 теңге болса, дүкенге оған тек 7 теңге үстеме қосылу керек.


Бұл баға 36 айға белгіленді.