Алматы қаласында есірткі жарнамалаған телеграм арналар бұғатталды
Фото: Pexels
Алматы қаласында есіркті таратумен айналысқан 16 телеграмм арна бұғатталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Бұл телеграм арналарда есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылған. Сатып алушыларға тіпті есірткі затын өткізуші қызметін ұсынған.
Сот Медеу ауданы прокуроры талабын орындады. Телеграм арналар бұғатталды. Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша әрі қарай тергеу-тексеру және полиция тергеуі жүзеге асады.