Алматы қаласында жасырын есірткі зертханасы жойылды

Фото: ҚР ҰҚК

8 қараша күні Алматы қаласында есірткі өндірумен айналысқан зертхана анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.


Қылмыскер психотропты заттарды дайындау барысында ұсталды.


Тінту кезінде 30 литр мефедрон сұйық заты, есірткі дайындауға арналған прекурсорлар табылды.


Іс Қылмыстық кодекстің 297 бабы 3-бөлігі бойынша тергеу-тексеру шаралары жүруде.