Алматы қаласында журналистерге арналған БАҚ-пен байланыс бойынша семинар өтеді
Фото: Pexels
Алматы қаласы, Нархоз универстетінің аумағында 8 қазанда «Дағдарыс пен тұрақсыздық жағдайында ұйымдар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» семинары өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР МАМ сілтеме жасап.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Нархоз университеті және Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымдастыруымен орын алады.
Медиа саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар БАҚ-пен дағдарыс кезінде қалай қарым-қатынас орнату керек екендігін мәлімдейді.