Алматы қаласындағы Тұйық су шатқалында жаңа туристік орталық ашылмақ

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 12 февраля 2025 11:06
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының көрікті Тұйық су шатқалында туристерге арналған заманауи визит-орталық бой көтермек, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 


Жоба экотуризмді дамытуға және туристерді тартуға бағытталған. Жаңа орталықта қонақ үй, дәмхана, дәріхана, туристік жабдықтар мен кәдесый дүкендері болады. Туристер үшін экскурсиялар ұйымдастырылып, велосипед жалға беріледі, сондай-ақ таулы маршруттарда қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша дәрістер өткізіледі.


Құрылыста экологиялық таза материалдар пайдаланылып, қалдықтарды басқару жүйесі енгізіледі. Жоба Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында 380 млн теңгеге қаржыландырылған. Орталық іске қосылғаннан кейін жыл сайын бюджетке 170 млн теңге салық түсімі түседі деп болжалуда.


Следите за новостями Taspanews