Алматы қаласының төрт ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Фото: Pexels

Алматының төрт ауданында, 30 қараша - 1 желтоқсан аралығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz СИМ Сауда комитетіне сілтеме жасап.


Жәрмеңкеде ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы сияқты жалпы көлемі 130 тоннадан астам азық-түлік өнімдері сатылады.


Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары шаруалары мен Алматы қаласының азық түлік тауарларын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.


Жәрмеңкелер келесі мекен-жайлар бойынша өтеді:


1.  Гоголь – Масанчи көшелері  (Алмалы ауданы);


2.   Қазақфильм шағын ауданы (Бостандық ауданы);


3.  Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесі (Әуезов ауданы);


4.  Меңдіқұлов көшесі – Бектұров көшесі қиылысы (Медеу ауданы).


"Жәрмеңкеде азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзан бағада сатып алуға болады. Азық-түлік жәрмеңкелері Алматы қаласында сенбі және жексенбі күндері апта сайын өткізіледі",  –  ҚР СИМ Сауда комитеті.