Алматы хайуанаттар бағында алты ақбөкен туған

Фото: Алматы хайуанаттар бағының Instagram парақшасы

Мамыр айында Алматы хайуанаттар бағында алты сүйкімді ақбөкен дүниеге келді - екі аналық және төрт аталық. Жойылып кету қаупі төнген сирек кездесетін жануарлардың төлдері олардың түрлерін сақтап қалуға үміт ұялатады, - деп хабарлайды Taspanews зообағының Instagram парақшасынна сілтеме жасап.


Хайуанаттар бағында зоологтар мен ветеринарлардың күш-жігерінің арқасында ақбөкендерге қажетті күтім мен көңіл бөлінуде, бұл олардың табысты көбеюіне ықпал етеді.


Алматы хайуанаттар бағы әлемде киіктерді ұстайтын санаулылардың бірі. Мұнда бұл жануарлар тұрақты түрде ұрпақ береді.


Алматы хайуанаттар бағында жыл басынан бері 70-ке жуық түрлі тұқымды төлдер, оның ішінде сақалды лашын, қарақұйрық, кенгуру, сика бұғы, пони, лама, Пржевальский жылқысы, сәндік ешкі, жылан және басқа да жануарлар дүниеге келді.