Алматы көшелеріндегі заңсыз сауда нүктелерін алып тастау жалғасуда
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласы, Алатау ауданында заңсыз сауда нысандарын анықтап, орнынан алып тастау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шара қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмаларының бірі ретінде жүзеге асуда.
Алматыда бүгінгі күнге дейін 119 рұқсатсыз орнатылған нысан, 40 күш өлшегіш құрылғы жойылды. Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағын аудандарында заңсыз тұрғызылған киосктер алынып тасталды.
Бұл шара кәсіпкерлерді сауда нысандарын орнатқанда белгілі бір ережелер мен нормаларды ұстануға итермелейді.