Алматы маңы жер сілкінісі туралы дабылдың болмағандығы түсіндірілді

Фото: Pexels

5 қарашадағы Алматы маңы жер сілкінісіне байланысты 112 нөміріне ақпараттық сипатта көптеген хабарлар келіп түскен, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Сағат 11:33-ке дейін 112 нөміріне Алматы облысынан 120, Алматы қаласынан 104 қоңырау түскен.


Алматы қаласы ТЖД өз кезегінде, жер сілкінісі туралы дабылдын болмағандығының себебін айқындады.


"Сиреналық және дауыс зорайтқыш құрылғылар мен Mass Alert жүйесі магнитудасы 5,5 балл және одан жоғары сейсмикалық датчиктерден сигнал түскен жағдайда автоматты режимде толық іске қосылады. Осыған байланысты ешқандай ескерту болған жоқ", – деп хабарлады ТЖД.