Алматы маңында жер сілкінісі болды

Жер фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 08:24
Фото: istockphoto.com

2024 жылдың 30 желтоқсанына қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 02:52-де «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 336 шақырымдай жерде болған.


«Жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ»,  – СБЗҰҒО және ҚР ТЖМ.

Ғылыми-зерттеу орталығының мамандары аймақтағы сейсмикалық белсенділікті тұрақты бақылауды жалғастырып жатқанын атап өтті. Қауіп төнген жағдайда ел азаматтарын хабарландыру мақсатында бақылау шаралары тұрақты іске асуда.


Следите за новостями Taspanews