Алматы мен Астанада жүргізуші куәлігін алуға тапсырылатын емтиханға кіру тәртібі өзгерді
Фото: Pexels
Алматы мен Астанада жүргізуші куәлігін алуда теоретикалық экзаменге қатысу үшін белгілі бір растаудан өту керек, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz сілтеме жасап.
Арнайы куәлікті алу үшін үміткер екі факторлы аутентификациядан өтетін болады. Бұл емтихан тапсырушының орнына басқа адам кіріп кетпеуі үшін ұйымдастырылған. Алаяқтықты жою мақсатында жеке басты СМС хабарлама арқылы және биометрия арқылы тексеру жүзеге асады.
Қалалық мамандандырылған ХКҚО басшысы ендігі кезекте СМС хабарламада екі кодтың бірін таңдап, растау қажеттігін түсіндірді. Әр адамға жеке жіберілген код нұсқасын белгілеу қажет.