Алматы метросында қаза тапқан мүгедектігі бар ер адам көру қабілетін жасөспірім кезінде жоғалта бастаған

Pexels фото на taspanews.kz от 12 декабря 2024 11:01
Фото: Pexels

Алматы қаласындағы Абай метро станциясында қаза болған ер адам туралы "Қазақ соқырлар қоғамы" біршама мәлімет берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz 31 арна ақпаратына сілтеме жасап.


Еске салсақ, 10 желтоқсанда ер адам вагонға кіру кезінде аңдамай, темір жолға құлап кеткен. Ер адам генетикалық тұқым қуалаушылық себебінен көз жанарынан қиналған. Жасөспірім кезінде денсаулығы нашарлап, көзінің көру қабілеті 5 ота өткізілсе де, орнына келмеді.


Осыған қарамастан, дыбыстық бағдарлама арқылы мемлекеттік сатып алуларға қатысып, ақша тапқан. Атасы мен апасына қамқор болып, тәрбиесін алған.


"Соқырлар қауымы" метро көз жағынан мүгедектігі бар адамдар үшін өте қолайсыз екенін атап өтті.


Следите за новостями Taspanews