Алматы метросында қос функциялы жаңа қоршаулар сыналуда

М фото на taspanews.kz от 10 февраля 2025 12:12
Фото: Алматы метрополитені

Алматы метрополитені, «Райымбек батыр» бекетінде заманауи қауіпсіздік талаптарына сай уақытша қоршаулар орнатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Олар жолаушыларды қорғау бойынша тосқауыл ретінде және жарнамалық құрал ретінде де пайдаланылады. Қазіргі уақытта қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексерілуде. Сынақ сәтті өтсе, мұндай қоршаулар басқа бекеттерге де қойылады.


Бұрын орнатылған темір құрылымдар да қайта қаралып, қажет болса алынып тасталады. Бұл уақытша шара автоматтандырылған платформалық есіктер орнатылғанға дейін қолданылмақ. Барлық жұмыстар метрополитеннің өз қаражаты есебінен жүргізілуде.


Следите за новостями Taspanews