Алматы метросында пойыз келіп тоқтаған соң ғана ашылатын платформалық есіктер орнатылады

Фото: depositphotos.com

26-жасар көзінен мүгедектігі бар жігіттің Алматы метросында темір жолға құлап кеткенінен кейін пойыз келіп тоқтағанда ғана ашылатын 180 см платформалық есіктер орнатылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24kz сайтына сілтеме жасап.


Қазіргі таңда 7 станцияда уақытша қоршаулар пайда болды. 10-ақпанға дейін мұндай қоршаулар барлық станцияларда орналастырылады. Жаңадан соғылып жатқан «Қалқаман» станциясы мен «Барлыққа» дейінгі үш станция жобасында жолаушылардың қауіпсізідігін қамтамасыз ететін жаңа платформалық есіктер ойластырылды. 


Еске салсақ, 10 желтоқсанда Алматыдағы Абай метро станциясында ер адам вагонға кіру кезінде аңдамай, темір жолға құлап кеткен. Ер адам генетикалық тұқым қуалаушылық себебінен көз жанарынан қиналған. Жасөспірім кезінде денсаулығы нашарлап, көзінің көру қабілеті 5 ота өткізілсе де, орнына келмеді.