Алматы метросында ұялы байланыс пен интернет желісі пайда болды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда ұялы байланыс пен интернет желісі жеті метро бекетінде қолжетімді, - деп хабарлайды Taspanews.kz метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Райымбек», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М. Әуезов театры» бекеттерінде ұялы байланыс пен интернет желісі пайда болды. Басқа бекеттерді желіге қосу жұмыстары жалғасуда.


«Байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ететін жабдықты орнату 2024 жылдың қыркүйек айында басталды. Қазіргі уақытта бұл процессті Kcell компаниясы жүргізіп жатыр. Қажетті базалық станциялар орнатылып қойған. Болашақта жолаушылар ұялы байланыс пен интернет желісін бүкіл маршрут бойынша шектеусіз пайдалануы үшін барлық ұялы байланыс операторларын қосу жоспарлануда», – деп хабарлайды метрополитен.

Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – жолаушыларға жайлылық пен қызмет көрсету сапасын арттыру. Цифрлық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде қоғамдық көлікте ұялы байланысқа қол жеткізу ыңғайлылық пен сыртқы әлеммен байланыстың маңызды аспектісіне айналуда.


Сонымен қатар, жолаушылар барлық телекоммуникациялық қызметтерімен толық пайдалана алады: қоңырау шалу, хабарлама жіберу және интернетті әртүрлі қажеттіліктерге, соның ішінде цифрлық қызметтерге пайдалану. Байланыс сапасы туралы сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар ұялы байланыс операторларына жүгіне алады.