Алматы облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com
Алматы облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында бірнеше күн бойы өте төмен ауа температурасы орнайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
23 қаңтар сағат 20:00-ден бастап 25 қаңтар сағат 08:25-ке дейін облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында түнде -31 градусқа дейінгі температура төмендеуі байқалады, аяз болады.
Сонымен қатар, 24 қаңтарда Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аймақтарына, Алматы мен Қонаев қалаларына тұман түседі.