Алматы облысы «Қазпошта» бөлімшесінде есірткі контрабандасының анықталуы бойынша тергеу аяқталды
Фото: ҚР ҚМА
Алматы облысы, Іле ауданының «Қазпошта» бөлімшесіне келіп түскен каннабис сығындысы бар Тайландтан әкелінген жөнелтілім бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Сот есірткі контрабандасымен айналысқан тұлғаны 16 жылға бас бостандығынан айырды. Тәркіленген есірткі жойылды.
Еске салсақ, 800 грамм гашиш майына (каннабис сығындысы) Telegram мессенджері арқылы тапсырыс берілген. Кейіннен ол пошта жөнелтілімі ретінде косметикалық заттар түрінде жасырылып, «Қазпошта» бөлімшесіне келіп түскен. 8 банка ішінде есірткі бар болғаны анықталды.