Алматы облысы Талғар-Есік тас жолында 3 адам қайтыс болды

Фото: Pexels

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты нәтижесінде 3 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы облысы ПД-не сілтеме жасап. 


Талғар-Есік тас жолының 36 шақырымында Zeekr 001 жүргізушісі көрші қарам-қарсы жолаққа өтіп кетіп,  Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Екінші көлікте 2 адам бірден қайтыс болған, ал жүргізушісі жан сақтау бөліміне жеткізілген. Есін жоғалтқан ер адамды денсаулығын қалыпты жағдайға жеткізу мүмкін болмады. 


Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. 


Тергеу жүргізілуде.


Пост из социальной сети