Алматы облысында 1300 орам шөп өртенді

Фото: ТЖМ

Алматы облысы, Кеген ауданыда 1300 орам шөп өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Қарқара ауылында ашық алаңдағы шөп жалынға ұшты. Құтқарушылар өрттің әрі қарай таралуын болдырмай, сөндірді.


Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі әзірге белгісіз.


Еске салсақ, қыркүйекте Ақтөбе облысында 32 тонна шөп жанған.