Алматы облысында алаяқ 3 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденіп кеткен

 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 10:02
Фото: Pexels

Алаяқ жәбірленушілерге Алматы облысында болмаған баспана мен автокөлікті сатып жіберген, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.


Полицейлер «сатылған» заттардың тізімі ұзағырақ болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Іле аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылының 36 жастағы тұрғыны ақпан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған.


Арызданушының айтуынша, танысы жеңілдетілген баспана алуға көмектесеміз деген желеумен алаяқтық жолмен 3 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденіп алған.


Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті 23 жастағы жас жігіт ұсталды. Тергеу барысында оның тағы бір осыған ұқсас алаяқтық ісіне қатысы бар екені белгілі болды.


Көлігін сатамын деген желеумен Покровка ауылының 27 жастағы тұрғынын алдап кеткен.


Қазір полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Следите за новостями Taspanews