Алматы облысында атқарылмаған ұстаздық қызметі үшін жалақы алып келгендер анықталды

Фото: Pexels

Алматы облысында ерекше балаларға білім беруді мойнына жүктеп, жауапкершілікті ұмытқан мұғалімдер бары анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.


Ерекше білім беруді талап ететін 55 балаға білім бермей, негізсіз төлемақы алғандары үшін мемлекетке 4,5 млн теңгеден астам шығын келтірілді.


Қаражат бюджетке қайтарылды. ҚР заңнамасына сәйкес, айыпталушылар жауапкершілікке тартылады.