Алматы облысында автобус көпірден құлады: жүргізуші ауруханада

Фото: Tripster

Алматы облысында автобусы биіктіктен құлады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Telegram арнаға сілтеме жасап.


Жараланған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Алматы-Бішкек тас жолының 25 шақырымында Yutong Bus автобусы көпір қоршауына соғылып, ары қарай төмен құлдыраған. Ол Mercedes Benz Sprinter-інің үстіне құлады.


Полиция қызметкерлері тергеу бастады. Оқиға болған кезде автобус жүргізушісі алкоголь немесе есірткіні алдын ала қолданбағаны белгілі болды. Жүргізушіден өзге зардап шеккендер жоқ. Ол бірден дәрігерлер қарауына жіберілді.


Екі көлік те тергеу және тексеру үшін арнайы автотұраққа жіберілді.