Алматы облысында бет-әлпетті танудың жаңа жүйесі таныстырылды
Фото: ҚР ІІМ
Алматы облысында жеке тұлғаларды анықтау және құқық бұзушылықтарды анықтау шешімі таныстырылды, - деп хабарлайды Taspanews ҚР ІІМ порталына сілтеме жасап.
Алматы облысының полиция департаментінде тәртіп сақшылары мен «TargetAI limited» IT компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті. Іс-шарада бейнекамераларды бір интерфейске біріктіретін және оларды басқару үшін аналитиканы жүзеге асыратын бейне басқару жүйесі таныстырылды. Бағдарлама смарт қауіпсіздік жүйелерін жасауға және аналитикалық деректер негізінде оқиғалардың дәл болжамын жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол жедел-іздестіру іс-шаралары үшін адамдардың шексіз санын жылдам жүктеп салу мүмкіндігін береді.