Алматы облысында ер адам есірткіні тергеу изоляторына кіргізуге тырысқан

Фото: polisia.kz

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) No 71 мекемесінде есірткі заттарын беру әрекетінің алдын алынды.


Ер адам ұрлық жасады деп айыпталған тергеу изоляторындағы ағасына есірткіні жасырын түрде кіргізуге тырысқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сілтеме жасап.


Ер адам есірткі затын 200 мл шприцтерге салып, содан кейін оны сусабын құтысынада жасырған. Алайда мекеме қызметкерлерінің ұқыптылығының арқасында есірткі табылып, тәркіленді. Заттар сот-химиялық зерттеуге бағытталған.


Бейнебақылау арқылы тыйым салынған затты беру фактісі тіркелді. ҚАЖД өңірлік бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков: "Есірткі заттарын тергеу мекемеге әкелу қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және өткізу ретінде сараланады. Бұл бас бостандығынан айырумен жазаланады", - деп атап өтті.