Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен шетелдіктің кім екені анықталды

Фото: ҚР ІІМ

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен шетелдіктің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі ҚР ІІМ сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысының Қарасай ауданында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен шетелдікті анықтады. «Заңсыз» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде көші-қон қызметінің қызметкерлері көрші елде із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 50 жастағы азаматты ұстады. Қазіргі уақытта ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өзбекстандық әріптестеріне беріледі.


Сондай-ақ, Іле ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың екі фактісі тіркелді. Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық көші-қон қызметі басқармасынан.


Ағымдағы жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4543 адам жауапкершілікке тартылса, оның 3840-ы басқа мемлекеттің азаматтары. 12 қылмыстық іс қозғалып, 196 шетелдік елден шығарылды.


Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстар 21 маусымға дейін жалғасады.