Алматы облысында күдікті есірткі дайындау барысында ұсталды

Фото: Pexels

Алматы облыстық ҰҚК мен прокуратура есірткі қылмысы бойынша күдіктіні  ұстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.


Күдікиі синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертханада есірткі дайындау кезінде ұсталды. 350 литрлік «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 800 литр прекурсорлар табылды. Зертхана жабдықтарымен қоса аталған заттай дәлелдемелер тәркіленді.


Қылмыстық кодекстің 297 бабы, 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.