Алматы облысында мемлекеттік рәміздер қоқыс арасынан табылған

Фото: Akorda.kz

Талғар ауданында Мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою ережесі заңнама тұрғысынан сақталмаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ile_krai инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Талғар ауданындағы Еркін ауылында рәміздер аяқ асты қалған.


Еске салсақ, ұлттық стандарттарға сай келмейтін рәміздерді ауыстыру және жою кезінде олардың қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар, өртеу, балқыту әдістері қолданылады.