Алматы облысында мектеп мұғалімдері жарты жыл бойы еңбекақысыз жұмыс істеген
Фото: Pexels
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы мұғалімдер құқығы қорғалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
“Мейірімді періште” жеке меншік гимназиясы банкроттық сатысында болғандықтан алты ай бойы 56 мұғалім жалақы алмай келді. Басшылықтың ұстаздарға қарызы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндіріске қарамастан, міндеттемелер орындалмай келді.
Нәтижесінде, қала прокуратурасы борышкердің жылжымайтын мүлігін анықтап, сатылымға шығарды. Сома ұстаздардың жалақысын өтеуге жұмсалды.