Алматы облысында өнер мектебін заңсыз иеленудің алды алынды

Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Алматы облысында прокуратураның араласуымен Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын өнер мектебі заңсыз жекешелендіруден аман қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Мемлекет мүддесін қорғаған прокурорлар апелляциялық сот инстанциясында бұл ғимаратты жекеменшікке сату туралы аудандық сот шешімінің күшін жойғызды.
Нәтижесінде мектеп мемлекет балансына қайтарылды.Қазіргі таңда ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада 300-ден астам бала бұл мектепте өнерлерін танытып, шығармашылықпен айналысу мүмкіндігіне ие болады.