Алматы облысында полицейлерді балағаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Фото: polisia.kz

Талғар ауданының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметкерді балағаттау фактісі бойынша іс тіркеді. Тәртіп бұзушылар ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі polisia.kz сілтеме жасап.


Алматы облысында полицейлерді балағаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.


Талғар ауданының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне тіл тигізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының іргесіндегі саяжайлардың бірінде шу мен айғайдың салдарынан жергілікті тұрғындардың үндеуіне жауап берген учаскелік полиция инспекторы қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу барысында екі тәртіп бұзушы мас күйінде бірнеше рет оны балағаттады.


Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар өздерін агрессивті ұстап, полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқан. Тәртіп бұзушыларды патрульдік бригада тез арада ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген.


Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына құрметпен қарауға шақырады. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және заңға сәйкес жолын кесетінін естеріңізге саламыз.


Мемлекеттік қызметкерді қорлау – үлкен көлемде айыппұл салу, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын ауыр бұзушылық.