Алматы облысында шаруаларға су тарифын көтеру фактісі тіркелді
Фото: Pexels
Алматы облыстық прокуратурасы су шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін қадағалау кезінде бұзушылықтар анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге келтіретін залалды болдырмау барысында келесі мәліметтер анықталды. Суармалы су тарифі негізсіз көтерілген. Бұл «Талғарирригация», «Балқаширригация», «Көлсайирригация» және «Үшқоңырирригация» ұйымдарының өз шығындарын асыра бағалаумен байланысты болған. Олар су тасымалына, су беру құрылыстары мен салық аударымдарына байланысты көрсеткіштерді бұрмалаған. Нәтижесінде, суармалы су құны айтарлықтай көтерілген.
“Прокуратураның қадағалау актісі аясында өтемдік тарифтер енгізіліп, 1 м³ суармалы судың құны 38%-ға төмендетілді. Бұл шараның нәтижесінде облыстың 1300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құқықтары қорғалды және шығындардың өсуі жағдайында олардың ұстанымдары нығайтылды”,
Кінәлі тараптар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.