Алматы облысында жеке кәсіпкер түрмеге тыйым салынған заттар кіргізбек болды
Фото: Pexels
Алматы облысында жеке кәсіпкер максималды қауіпсіздік режиміндегі колонияға тыйым салынған заттар алып кірмек болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
"Алматы Сквер" жеке кәсіпкерінің көлігінен орамадағы заттардың 29 данасы, 1 бөтелке белгісіз сұйықтық пен 3 смартфон, 2 Sim-карта табылды.
ӘҚБТК 481 бабына сәйкес іс бойынша материалдар жинастырылуда.