Алматы облысында жеке тұлғалар жалпыға ортақ газ құбырларын зақымдаған

Алматы әкімдігі фото на taspanews.kz от 17 января 2025 19:09
Фото: Алматы әкімдігі

17 қаңтар күні Алматы облысындағы «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын коммуналдық қызметтерге ескертпей жүргізген жеке тұлғалар газ құбырын зақымдаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Апатты жою үшін 150 маман мен техника жұмылдырылды. Бірнеше қазандық жұмысы тоқтап қалғандықтан, «АТКЭ» ЖШС-нің «Әуежай» қазандығының жұмысы уақытша резервтік отын – мазут арқылы жүргізілді.


Сағат 14:00-ге қарай газ құбырлары қалпына келтірілді. Тексеру жүргізіліп, газды кезең-кезеңмен қосу іске асуда.


«Полиция тергеу амалдарын бастады. Құрылыс жұмыстары коммуналдық қызметтердің рұқсатынсыз жүргізілгені анықталды. Кінәлілер жауапқа тартылады. Ескерте кетейік, инженерлік желілерге қосылу үшін барлық ережені сақтау, рұқсат алу және жобаны коммуналдық қызметтермен келісу қажет»,  – Алматы қаласы әкімдігі.

Следите за новостями Taspanews