Алматы облысында жоғалған үш жасар қыздың денесі табылды

Фото: Pexels

Алматы облысында бұрын жоғалып кеткен деп жарияланған үш жасар қыздың денесі табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Almaty News-ке сілтеме жасап. 


Анасының айтуынша, қыз күндіз үйден шығып, қайтып оралмаған. 40 жастағы әйел қызының жоғалып кеткенін хабарлап, жергілікті ПД-на жүгінді.


Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалған. Осы сәттен бастап бірқатар ауқымды іздестіру шаралары өткізілді, бірақ олар жемісті болмады. Баланың сүйектері 22 шілдеде табылды.


Бұл туралы Алматы облысы ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады. Сүйектерді тапқан жерден суреттерді жариялаған:


Фото: Бауыржан Аленов инстаграмы
Фото: Бауыржан Аленов инстаграмы

Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар өткізілуде. Күдіктілер қамауда.  


Еске салсақ, дененің табылғаны туралы LIDER.KZ еріктілері де Instagram парақшасында жазған.