Алматы облысында жүргізушісі бар экскаватор өзенге құлады

Фото: pxhere

Алматы облысында ішінде жүргізушісі бар экскаватор өзенге құлады, жүргізуші құтқарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz, ҚР ТЖМ Telegram арнасына сілтеме жасап.


Жағдай Райымбек ауданында, нөсер жаңбыр салдарынан болды. Жүргізуші ауыр техниканы жауын кезінде басқара алмай, жолдан тікелей ағын суға түсіп кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі құтқарушылар оқиға орнына асығып, 52 жастағы ер адамға құрғақ жерге шығуға көмектескенін айтады. Ол баспалдақ арқылы құтқарылған.


Медициналық көмекті ер адам қажет етпеді.