Алматы облысының тауларында қарт адам қаза тапты

Фото: РЖҚЖ

Алматы облысында 66 жастағы ер адам өз бетінше тауға шығып, байланысқа шығуды тоқтатқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz Республикалық жедел-құтқару жасағының Instagram парақшасына сілтеме жасап. Жоғалған адамның отбасы құтқарушыларды шақырды.


Жедел-құтқару жасағы БАО-ның төмен жағындағы төбелерден ер адамдың денесін тапты. Құтқарушылар мәйітті таулардан түсіріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырды.