Алматы полицейлері бір топ ұрлықшыларды ұстады

Фото: ҚР ІІМ

Алматы полицейлері бір топ қалта ұрысын ұстады,- деп хабарлайды Taspanews ҚР Ішкі істер министрлігінің порталына сілтеме жасап.


Шабуыл жасағандарды қылмыстық бөлімнің қызметкерлері Бостандық және Жетісу аудандарының полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып қолға түсірді. Қылмыскерлер негізінен қоғамдық көлікте әрекет еткен.


Шабуыл жасағандардың ең үлкені 42 жаста, ал оның сыбайласы 32 жаста.


Полицейлер ұрланған, әлі сатылмаған гаджеттерді тәркіледі. Ұсталғандардың екеуі де қылмыс жасағанын мойындады. Қазір олардың осыған ұқсас басқа да әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.