Алматы Су 2024 жылғы тарифтер мен инвестициялар бойынша есеп беру күнін жариялады
Алматы Су 26 шілдеде тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар бойынша есеп береді,– деп хабарлайды Taspanews.kz almatysu.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарландыру
Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының қарамағындағы "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2018 ж. 27 желтоқсандағы №204-VI Заңының 25-тармағына сәйкес 26 шілдеде сағат 15:00-те сумен жабдықтау және су тарту қызметтеріне қатысты белгіленген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жайлы есеп береді. Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі, сондай-ақ 2024 жылдың бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша шаралардың жүзеге асу көрсеткіші талқыланатын болады. Есеп беру Алматы қаласы, Жароков көшесі, 196 мекенжайы бойынша, екінші қабаттағы конференц. залында өтеді. Форматы - онлайн трансляция.
Іс-шараға бір күн қалғанда Алматы су ресми сайтында Zoom платформасы арқылы қосылуға болатын сілтеме орналастырылады. Онлайн трансляцияға қосылуға мүмкіндік бар. Сайтқа сілтеме: www.almatysu.kz.
Қосымша ақпарат сайт бетінде.